RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Спорт

Қазақстан 2029 жылы қысқы Азия ойындарын өткізеді

✍️ Жәнібек Амангелді📅 6 Ақпан 2026👁 63 қаралым
Қазақстан 2029 жылы қысқы Азия ойындарын өткізеді

Еліміз 18 жылдық үзілістен кейін 2029 жылғы X қысқы Азия ойындарын өткізу құқығына ие болды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан бұған дейін 2011 жылғы қысқы Азия ойындарын сәтті өткізіп, халықаралық қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған еді. Сол кезде Астана мен Алматы қалаларында бірқатар заманауи спорт нысаны бой көтерді. Қазіргі таңда бұл нысандар спортшылардың дайындық деңгейін арттыруға, халықаралық жарыстар өткізуге және ел тұрғындарының саламатты өмір салтын насихаттауға қызмет етіп келеді.

Сондай-ақ еліміз бұдан басқа да ірі кешенді спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда тәжірибеге ие. 2017 жылы елде Дүниежүзілік қысқы Универсиада жоғары деңгейде өтті. Сонымен қатар Қазақстан аумағында жыл сайын қысқы спорт түрлерінен халықаралық жарыстар өткізіліп келеді, бұл елдің ең жоғары деңгейдегі жарыстарды қабылдауға дайын екенін білдіреді.

Ведомствоның мәлімдеуінше, алдағы қысқы Азия ойындарын қолданыстағы инфрақұрылым базасында өткізу жоспарланып отыр. Осыған байланысты қосымша ірі спорт нысандарын салу қажеті жоқ. Қолда бар спорт кешендері қысқы Азия ойындарының бағдарламасына енген спорт түрлерінен жарыстар өткізуге мүмкіндік береді.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137