RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Қазақстан Сыртқы істер министрі «Орталық Азия – Германия» форматындағы кездесуге қатысты

✍️ Әбуғали Ордабай📅 12 Ақпан 2026👁 95 қаралым
Қазақстан Сыртқы істер министрі «Орталық Азия – Германия» форматындағы кездесуге қатысты

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев «Орталық Азия – Германия» (С5+1) форматындағы сыртқы істер министрлерінің кездесуіне қатысты, деп хабарлады Elordainfo.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Орталық Азия әлемдік экономиканың жаңа өсу нүктесіне айналды. Оның халықаралық субъектілігі мен жаһандық үдерістердегі рөлі артып келеді. «Орталық Азия – Германия» форматын ортақ сын-қатерлерге бірлескен жауаптар әзірлеу және бүкіл өңірдің игілігіне бағытталған нақты жобаларды іске асыру үшін стратегиялық платформа ретінде қарастырамыз», – деді Қазақстан сыртқы істер министрі.

Ермек Көшербаев Орталық Азия елдерінің экономикалары бірін-бірі толықтыратынын, олардың жиынтық ресурстық әлеуеті Германияның озық технологияларымен ұштасқанда өзара тиімді серіктестік үшін қуатты негіз қалыптастыратынын атап өтті. Сонымен қатар Қазақстан үшін энергетика және табиғи ресурстарды игеру салаларындағы экономикалық өзара іс-қимыл мен өзара байланыстылық ерекше маңызға ие екені айтылды.

Қазақстан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Германиямен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды кеңейтуге, герман инвестицияларын тартуға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға мүдделілікті растады. Германияның жетекші технологиялық серіктес әрі маңызды инвестор ретіндегі рөлі, сондай-ақ энергетика саласындағы, оның ішінде энергия ресурстарын жеткізу, «жасыл» энергетиканы дамыту және декарбонизация жобалары бойынша ынтымақтастықтың перспективалары ерекше аталып өтті.

ҚР СІМ басшысы Қазақстанның Еуропа мен Азия арасындағы негізгі транзиттік торап ретіндегі артықшылықтарына назар аударып, орнықты көлік-логистикалық дәліздерді, оның ішінде Орта дәлізді дамыту мәселелері бойынша Германиямен ынтымақтастықты тереңдетуге қызығушылық білдірді.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137