RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Қазақстан жастары Тәжікстандағы халықаралық форумға қатысты

✍️ Әбуғали Ордабай📅 26 Наурыз 2026👁 136 қаралым
Қазақстан жастары Тәжікстандағы халықаралық форумға қатысты

Қазақстан делегациясы Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің Тәжікстанда өткен жастар форумына қатысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Мәдениет және ақпарат министрлігіне сілтеме жасап.

Халықаралық алаңда цифрландыру, жаңа технологиялар, климаттың өзгеруі және жастар кәсіпкерлігі мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар қатысушылар жастар саясатының негізгі бағыттары мен өзекті міндеттеріне назар аударды.

Сондай-ақ, қазақстандық белсенді жастар Тәжікстанның түрлі өңірлерінде ұйымдастырылған Navruz World Youth Festival II дүниежүзілік жастар фестиваліне қатысты.

Фестивальдің басты мақсаты – мәдени байланыстарды нығайту, Наурыз мерекесін жаңару мен достықтың символы ретінде дәріптеу, сондай-ақ білім беру, инклюзия, жұмыспен қамту және экология бағыттары бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымы-ның тұрақты даму мақсаттарын ілгерілету.

Бағдарлама аясында Наурыз мерекесіне орай түрлі мәдени және мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137