RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама жетілдіріліп жатыр – Сәденов

✍️ Дәукен Тұрдашев📅 27 Қаңтар 2026👁 2,123 қаралым
Қазақстанда балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі заңнама жетілдіріліп жатыр – Сәденов

ҚР ішкі істер министрі Ержан Сәденов Үкімет отырысында кәмелетке толмағандардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Министр ішкі істер органдары жүйесінде осы жыл «Заң және тәртіп – қауіпсіз балалық шақтың кепілі» тақырыбы аясында өтетінін, осыған байланысты арнайы ведомстволық жоспар әзірленгенін атап өтті.

«Осы салада заңнама дамып келеді. Балаларға қатыгездікпен қарағаны үшін жауапкершілік күшейтілді. «Профилактика туралы» жаңа Заң аясында балалардың құқықтарын қорғау бойынша аймақтық өкілетті органдар құрылады. Зорлық-зомбылық, буллингке ұшыраған балаларға әлеуметтік және психологиялық көмек, тәлімгерлік, отбасылық кеңес беру қарастырылған. Балалардың жол-көлік жарақатын алдын алу жұмысы күшейтілді», – деді Ержан Сәденов.

Оның айтуынша, жүргізілген инфрақұрылымды зерттеу қорытындысы бойынша мектептерде қосымша жаяу жүргіншілер бағдаршамдары, жасанды кедергілер, жол белгілері мен ақпараттық паннолар, қоршаулар мен жарықтандыру орнатылды.

Фото: Үкімет

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137