RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Қазақстанда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

✍️ Жәнібек Амангелді📅 19 Наурыз 2026👁 129 қаралым
Қазақстанда спутниктік интернетті енгізу кеңейіп келеді

Қазіргі таңда Қазақстанда жолаушылар пойыздарына жоғары жылдамдықты интернетті орнатылып жатыр. Бұл жоба спутниктік технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылып жатыр. Бастама еліміздегі «Цифрландыру және жасанды интеллект жылы» мен «Digital Наурыз» іс-шараларының аясында дамып келеді, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Бұл қызмет алғаш рет 2025 жылдың қаңтарында Астана – Алматы бағытында пилоттық жоба ретінде іске қосылып, жолаушылар тарапынан үлкен сұранысқа ие болды. Кейіннен сервистің ауқымы кеңейтіліп, Астана - Өскемен бағыты да қамтылды. Қазіргі уақытта спутниктік интернет аталған екі негізгі бағытта қатынайтын Talgo поездарында қолжетімді. Технологиялық тұрғыдан бұл жүйе «Jusan Mobile» операторының қатысуымен және «OneWeb» төмен орбиталы спутниктік жүйелерінің көмегімен жұмыс істейді.

Спутниктік байланыстың басты ерекшелігі - оның сигнал сапасы теміржол бойындағы жерүсті мұнараларына тәуелді емес. Төмен орбиталы спутниктер пойыз жоғары жылдамдықпен қозғалған кездің өзінде сигналдың кідіріссіз және тұрақты болуын қамтамасыз етеді. Нәтижесінде жолаушылар жол бойы 100 Мбит/с дейінгі жылдамдықтағы интернетті пайдалана алады. Бұл жылдамдық мессенджерді қолдануға, видео көруге және басқа да цифрлық қызметті еш кедергісіз тұтынуға мүмкіндік береді.

Жобаны іске асыру халықаралық технологиялық компаниялар мен отандық байланыс операторларының серіктестігі арқасында мүмкін болды. Пойыздарға орнатылған арнайы жабдықтар қозғалыс жағдайында жұмыс істеуге толық бейімделген және вагондардағы қолданыстағы мультимедиялық жүйелермен интеграцияланған.

Сурет: ЖИ

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137