RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті

✍️ Жібек Наурыз📅 3 Ақпан 2026👁 1,655 қаралым
Қазақстандық колледж оқытушылары Қытайда жасанды интеллект бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өтті

Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген 20 колледж оқытушысы Қытайдың Ухань бағдарламалық қамтамасыз ету инженерлік кәсіптік колледжінде жасанды интеллект (AI) бағыты бойынша халықаралық тағылымдамадан өтті, деп хабарлады Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Тағылымдама бағдарламасы жасанды интеллект саласындағы мемлекеттік саясат пен оқыту әдістемесін, заманауи бағдарламалық қамтамасыз ету технологияларын, сондай-ақ смарт-автомобильдер мен трансшекаралық e-commerce бағыттарындағы практикалық дағдыларды қамтыды.

Бағдарлама аясында қатысушылар Ухань қаласындағы жетекші IT және өндірістік компанияларда болып, жасанды интеллект технологияларының нақты өндірістік үдерістерде қолданылуымен танысты.

Тағылымдама қорытындысы бойынша оқытушылар практикалық емтиханды сәтті тапсырып, халықаралық үлгідегі сертификаттарға ие болды. Аталған жоба Қазақстан мен Қытай арасындағы кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықты нығайтып, болашақтағы бірлескен бастамаларға негіз қалады.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137