RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Қазақстандықтар экологияға қатысты мәселелерді TazaQazBot чат-боты арқылы шешуге көшті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 10 Сәуір 2026👁 183 қаралым
Қазақстандықтар экологияға қатысты мәселелерді TazaQazBot чат-боты арқылы шешуге көшті

Қазақстанда «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында @TazaQazBot Telegram чат-боты өз жұмысын жалғастыруда. Бұл - тұрғындарға экология және абаттандыру саласындағы мәселелер туралы тікелей хабарлауға мүмкіндік беретін ыңғайлы цифрлық сервис, деп хабарлайды Elordainfo.kz Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап.

Аталған сервис 2024 жылдың маусым айында іске қосылып, бүгінде мемлекеттік органдармен байланыс орнатудың тиімді әрі кеңінен қолданылатын арнасына айналды. Өтінім жолдау үшін Telegram қосымшасында чат-ботқа кіріп, авторизациядан өтіп, суретті тіркеп, нақты мекенжайды көрсетіп, қысқаша сипаттама қалдырса жеткілікті. Өтінім автоматты түрде тиісті органдарға жолданып, артық қоңырау мен қосымша жүгінуді қажет етпейді.

Платформаның басты артықшылығының бірі - ашықтық. Пайдаланушы әр өтінімнің орындалу мәртебесін бақылап отырады. Жұмыс аяқталғаннан кейін фотоесеп ұсынылып, көрсетілген қызметтің сапасын бағалау мүмкіндігі беріледі.

Барлық өтінім 21 санат бойынша жіктеледі. Олардың қатарында аумақтарды тазалау, қоқыс шығару, жолдарды жөндеу, жарықтандыру, көгалдандыру және су айдындарын тазарту сияқты бағыттар бар. Бұл өз кезегінде өтінімді жедел өңдеуге және тиісті қызметтерге нақты бағыттауға мүмкіндік береді.

2025 жылдың қорытындысы бойынша чат-бот арқылы 26 мыңнан астам өтінім түсіп, оның 24 мыңнан астамы сәтті орындалған. Ең көп сұранысқа ие бағыт — аумақтарды тазалау.

2026 жылдың бірінші тоқсанында 4 мыңнан астам өтінім келіп түсті, олардың басым бөлігі бүгінде орындалды.

@TazaQazBot цифрлық сервистердің тұрғындар мен мемлекет арасындағы өзара байланысты жақсартудағы, мәселелерге жедел әрекет етудегі және жергілікті атқарушы органдар жұмысының тиімділігін арттырудағы маңызын айқын көрсетеді.

@TazaQazBot — жайлы әрі таза орта қалыптастырудағы сіздің сенімді құралыңыз.

Фото: Экология және табиғи ресурстар министрлігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137