RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 12 Шілде 2026👁 137 қаралым
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Астанада өтіп жатқан BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі қазақ мәдениеті мен ұлттық тағамдарын дәріптейтін алаң ғана емес, түрлі елден келген адамдардың басын қосқан ерекше мерекеге айналды. Шетелдік қонақтар қазақ халқының салт-дәстүрімен жақынырақ танысып, ұлттық тағамдардан дәм татып, Қазақстанның қонақжайлығын сезінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Шетелден келген қонақтар еліміздің тарихы мен мәдени мұрасымен танысып, ұлттық спорт түрлерінен өтетін жарыстарды тамашалап, этноауылдарды, қолөнер көрмелері мен гастрономиялық аймақтарды аралап жүр.

Әсіресе, қымыз секілді ұлттық тағамдар, сондай-ақ ұлттық ойындар мен ат спорты жарыстары шетелдік меймандарға ерекше әсер қалдырды. Олардың айтуынша, мұндай шаралар Қазақстанның бірегей мәдениетін дәстүрлер арқылы тереңірек тануға мүмкіндік береді.

«Біз Америка Құрама Штаттарынан келдік. Қымыз фестиваліне қазақ мәдениетімен жақынырақ танысу үшін арнайы келдік. Қазақстанда тұрып, адамдарға көмектесу бізге ұнайды, бұл – керемет тәжірибе. Осы жерде көптеген тамаша жандармен таныстық, қазақ мәдениеті туралы күн сайын жаңа дүниелер біліп жатырмыз. Ең бастысы – қымызды жақсы көріп қалдық, оның мүмкіндігінше көп түрінен дәм татқымыз келеді», – деді АҚШ-тан келген Уайт пен Томас.

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

Еске салайық, BaiQymyz-2026 халықаралық гастрономиялық фестивалі 11-12 шілде күндері Астанадағы «Қазанат» ипподромында өтіп жатыр.

Бағдарлама аясында ұлттық тағамдардан дәм тату, көрмелер, мәдени және спорттық іс-шаралар, ат спорты шоулары, отбасылық алаңдар мен танымал әншілердің концерттері ұйымдастырылған.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
Астанада қауіпсіздік тақырыбында оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті
Қала мен сала

Астанада қауіпсіздік тақырыбында оқушыларға арналған профилактикалық кездесу өтті

Іс-шара барысында оқушыларға жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері, құқық бұзушылықтың алдын алу, су айдындарындағы, көшедегі және интернет кеңістігіндегі қауіпсіз мінез-құлық қағидалары түсіндірілді.

📅 10 Шілде 2026👁 0