RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Сабақтастық сақталған

✍️ Әбуғали Ордабай📅 4 Ақпан 2026👁 21 қаралым
Сабақтастық сақталған

– Жуырда Amanat партиясының Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелері Конституцияның жаңа мәтінін талқыладық. Партия төрағасы Ерлан Қошанов жаңадан жазылған Ата заңымыздың маңыздылығына тоқталып, депутаттарды ойды ортаға салып ашық талқылауға шақырды. Конституциялық реформаның жаңа сипаты, мазмұнды тұжырымдары бүгіннің ғана емес ертеңіміздің де байыпты бағдары, адам құқықтарына мән берілген бағаналы елдің – басты заңы!

Жаңа конституция – білім мен ғылымды, инновацияны Ата заң деңгейінде қорғау иммунитетіне ие болып отыр. Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығының сақталуына зер салынған. Адам – мемлекет үшін деген ұстаным мен мемлекет – адам үшін деген ұстаным әділетті тепе-теңдігін сақтауына мән берілген. Ата заңның 84%-ы жаңарды.

Бұл – Қазақстанда ауқымды конституциялық реформа жүргізіліп жатқанының айқын дәлелі. Жиынтық жоба бойынша Конституцияның 77 бабына түзетулер енгізілді, бұл Ата заң мәтінінің 84%-ын қамтиды. Жобада преамбула, 11 бөлім, 104 бап бар. Екі жаңа бөлім қосылды, бірнеше бөлімнің атауы өзгерді.

Негізгі өзгерістер:

– жаңа бір палаталы Парламент моделі

– азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысуы кеңейеді.

– Конституциялық соттың құқық қорғау рөлі күшейеді.

– адам құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері нығаяды.

Президенттік басқару формасы сақтала отырып, мемлекеттік билік жүйесі елеулі түрде жаңғырмақ. Біз Конституцияға қарап өзімізді ғана емес, әлемге Қазақстанның қандай мемлекет болғысы келетінін де көрсетеміз. Инвестор да, халықаралық әріптестер де, түйіп айтқанда, өзге жұрт, ең алдымен құқықтық тұрақтылық пен адам құқығының қорғалуына қарайды.

Ата заң – халықты қорғауға, халық – Ата заңды құрметтеуге қабілетті болуы шарт. Алдағы конституциялық референдумның маңызын еліміздің әр саналы азаматы маңызын түсінуі, белсенді қатысуы маңызды, жетілдіру процесіне барша Қазақстан азаматтары мән беруі қажет. Бүгінде жаңа Конституция жобасы тек комиссияда ғана емес, қоғамда да қызу талқыланып жатыр. Бұл – жақсы үрдіс. Өйткені ол – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасының нақты іске аса бастағанының айқын дәлелі.

Тағы бір атап өтерлік құбылыс – жаңа Конституция жобасына енгізілген түбегейлі бірқатар өзгерістердің жұртшылық тарапынан ерекше қызығушылық туғызуы.

Елнұр БЕЙСЕНБАЕВ,

Мәжіліс депутаты

Ақпарат: astana-akshamy.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137