RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Спорт

Saryarqa Run: Астана күні қарсаңында жүгіруден өткен іс-шараға 1800-ге жуық адам қатысты

✍️ Әбуғали Ордабай📅 5 Шілде 2026👁 29 қаралым
Saryarqa Run: Астана күні қарсаңында жүгіруден өткен іс-шараға 1800-ге жуық адам қатысты

Елордада қала күніне орай және «Астана - есірткісіз қала» акциясы аясында Ырыскелді қажы мешіті маңында өткен бұқаралық Saryarqa Run жүгірісіне 1800-ге жуық адам қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Қала күніне арналған бұл жүгіру дәл осы бағыт бойынша үшінші рет ұйымдастырылып отыр. Іс-шараға әуесқой жүгірушілермен қатар, отбасылар, жастар және қала қонақтары да белсенді қатысты.

«Saryarqa Run аясында екі қашықтық қарастырылды. Жүгіруді енді бастағандарға қысқа, ал тұрақты түрде айналысатындарға орта қашықтық ұсынылды. Басты мақсатымыз - тұрғындарға мерекелік көңіл күй сыйлап, бұқаралық спортты дамытуға үлес қосу», – деді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы басшысының орынбасары Ержігіт Өсербай.

Қатысушылар Ырыскелді қажы мешітінен басталған бағыт бойынша Кенесары хан ескерткішін айналып өтіп, 4 және 7,6 шақырым қашықтықтарды еңсерді.

Жарыста жүлделі орындар ресми түрде сарапқа салынбағанымен, 4 шақырым қашықтықтағы бәсеке тартысты өтті. Нәтижесінде Франциядан келген Мало Кадудал мәре сызығын бірінші болып кесті.

«Астанаға досыма қонаққа келдім. Осы жүгіріс туралы естіп, қатысуға шешім қабылдадық. Есіл өзенінің жағалауымен жүгіру ерекше әсер сыйлайды. Өзім тұрақты түрде жаттығатындықтан, дайындығым жақсы болды. 4 шақырымды 13 минут 40 секундта жүгіріп өттім. Барша қала тұрғындарын мерекемен құттықтаймын», – деді ол.

Мәреге жеткен барлық қатысушыға естелік медаль табысталды.

Іс-шара соңында қатысушылар арасында лотерея ұйымдастырылып, 10 велосипед ойнатылды.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137