RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары бекітілді

✍️ Дәукен Тұрдашев📅 27 Қаңтар 2026👁 2,133 қаралым
Щучье-Бурабай курорттық аймағын дамыту жоспары бекітілді

Үкімет Алматы, Маңғыстау және Бурабайда инфрақұрылымды кешенді дамытуды қамтамасыз етеді. Инфрақұрылымдар құру және дестинацияларды ілгерілету жөніндегі шаралар туралы Үкімет отырысында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов мәлім етті, деп хабарлады Elordainfo.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Алматы өңіріндегі курорттар бірыңғай жүйеге біріктіріледі. 30 жаңа аспалы жол және 161 шақырым шаңғы трассасы пайда болады. Бұл маусым қызған шақта жүктемені азайтуға және туристік ағымды 5 миллион адамға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Жоба жоғары экономикалық әлеуетке ие, өйткені тау шаңғысы туристерінің шығындары орта есеппен $350 құрайды, бұл жағажай туристерінің шығындарынан 7 есеге көп.

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматы тау кластерін, Щучье-Бурабай курорттық аймағын және Маңғыстауды дамыту жоспарлары бекітілді.

«Щучье-Бурабай аймағында Қатаркөл және Жөкей көлдеріне жүктемені бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Өткен жылы «Променад» аймағы, 10 шақырым веложолдар мен қарау алаңдары іске қосылды. Маңғыстауда «Жылы жағажай» және «Кендірлі» аймақтарына басымдық беріліп отыр. Абаттандырылған жаяу маршруттар, қарау алаңдары, визит-орталықтар құрылады. Туристік өнімді кеңейту есебінен қонақтардың болу ұзақтығын 10 күнге дейін ұлғайтуды және 2029 жылға қарай ағымды тағы 150 мың адамға ұлғайтуды жоспарлап отырмыз», – деді министр.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137