RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Спорт

Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров спортшының жарақаты туралы пікір білдірді

✍️ Әбуғали Ордабай📅 4 Ақпан 2026👁 160 қаралым
Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров спортшының жарақаты туралы пікір білдірді

Шавкат Рахмоновтың бапкері Эдуард Базров спортшының жарақаты туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бапкер пікірі

31 қаңтарда, жартылай орта салмақта UFC рейтингінде екінші тұрған, жеңілмеген Рахмонов Naiza FC турнирінде балдақпен және тізесіне таңғыш тағып жүргені байқалды.

"Нақты қанша уақытқа дейін үзіліс болатынын айта алмаймын. Көре жатармыз, Шавкаттың жағдайын өздеріңіз де көрдіңіздер, ол мұны өзі де жасырмайды. Қалпына келу біз күткеннен ұзаққа созылатын сияқты", - деді бапкер редакцияға берген сұхбатында.

Еске салайық, UFC-дің жартылай орта салмақтағы қазақстандық өкілі Шавкат Рахмонов жарақатына байланысты жазба жариялады. Бұл туралы ол X әлеуметтік желісіндегі парақшасында бөлісті.

"Жауынгердің жолы ешқашан жеңіл болмайды. Өмір бізге еңсере алмайтын сынақ бермейді. Әр арманның өз бағасы бар, кейде оның құны денсаулық та болуы мүмкін.

Шындықты жасырмай айтайын: жарақатыма байланысты тағы бір операция жасатуға тура келді. Енді толық қалпыма келу үшін уақыт қажет. Тиісінше октагонға оралуым тағы да кейінге шегерілді.

Әрине, мұны қабылдаудың өзі қиын. Алайда әрбір сәтсіздік үлкен жолдың бір бөлігі екеніне сенемін. Бұрынғыдан да мықты, ақылды болып ораламын, жеңіске деген аштығым да арта түседі.

Мақсатым өзгерген жоқ. UFC белдігі әлі де Қазақстанға келуге тиіс. Қандай жағдай болса да жанымнан табылып жүрген баршаңызға рақмет. Бұл жолдың соңы емес, тек маңызды бір кезеңі ғана", - деп жазды Рахмонов.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137