RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Спорт

Шайдоровқа тарихи жеңісі үшін 250 мың доллар беріледі

✍️ Әбуғали Ордабай📅 16 Ақпан 2026👁 121 қаралым
Шайдоровқа тарихи жеңісі үшін 250 мың доллар беріледі

Милан Олимпиадасында тарихи алтын жеңіп алған Михаил Шайдоров 250 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы алады, деп хабарлайды astana-akshamy.kz.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ерлер арасындағы жекелей сында қысқа және еркін бағдарламаның қорытындысы бойынша 291,58 ұпай жинап, чемпион атанды. Қысқа бағдарламада бесінші орыннан көрінген ол, еркін бағдарламадағы мінсіз өнерінің арқасында бірінші орынға көтерілді.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі бекіткен төлем мөлшеріне сәйкес, алтын медаль үшін спортшыға 250 мың доллар, яғни шамамен 123,7 млн теңге беріледі.

Сыйақы басқа жүлдегерлер мен финалистерге де қарастырылған:

күміс жүлдеге – 150 мың доллар,

қола жүлдеге – 75 мың доллар,

төртінші орынға – 30 мың доллар,

бесінші және алтыншы орындарға – 10 мың доллардан.

Ақшалай марапат чемпиондар мен жүлдегерлердің бапкерлеріне де төленеді.

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Ақпарат: astana-akshamy.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137