RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Шетелдік басқарған алаяқтар тобы қазақстандықтарға 125 млн теңге шығын келтірген

✍️ Жәнібек Амангелді📅 7 Ақпан 2026👁 50 қаралым
Шетелдік басқарған алаяқтар тобы қазақстандықтарға 125 млн теңге шығын келтірген

Түркістан облысында алаяқтықпен айналысқан бір топ адамға қатысты қылмыстық істі тергеу аяқталды, деп хабарлайды Elordainfo.kz Бас прокуратураның баспасөз қыземтіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәлімдеуінше, 2024–2025 жылдар аралығында шетел азаматы Қазақстан аумағында интернет және телефон арқылы алаяқтық жасаған ұйымдасқан қылмыстық топты құрған және басқарған. Күдіктілер өзін пошта немес байланыс операторының қызметкері ретінде таныстырып, алдау арқылы азаматтардың атына несие рәсімдеп, қаражатты иемденген. Олар 21 адамға жалпы сомасы 125 млн теңге шығын келтірген.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында жәбірленушілерге 20 млн теңге қайтарылды. Күдіктілердің 3 автокөлік құралына тыйым салынды. Қалған шығын сот тәртібімен мәжбүрлеп өндіріледі.

Түркістан облысы прокуратурасының арнайы прокурорлары Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлімі 1 тармағы (алаяқтық), 262-бабы 1, 2-бөлімі (ұйымдасқан топты құру және оған қатысу) бойынша қылмыстық іс аясындағы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады.

Қазір 20 күдікті қамауға алынды. Қалған екі күдіктіге халықаралық іздеу жарияланды.

Еске салсақ, Антифрод-орталық 2,8 млрд теңгенің күдікті операцияларын бұғаттады.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137