RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Шотыңызға бейтаныс адамнан түскен қаражатты иесіне қалай қайтару керек

✍️ Әбуғали Ордабай📅 12 Ақпан 2026👁 47 қаралым
Шотыңызға бейтаныс адамнан түскен қаражатты иесіне қалай қайтару керек

Егер бейтаныс адамнан шотыңызға қаражат келіп түссе, оны аударма жасау арқылы қайтармаңыз. Бұл туралы Астана қаласы Полиция департаменті киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі, полиция капитаны Айдар Қонысбек «Заң мен тәртіп» аясында Ұлттық спорт университеттерінің студенттерімен кездесу кезінде айтты, деп хабарлады Elordainfo.kz.

«Егер бейтаныс адам сізге «қателесіп аударып алдым, ақшаны мына нөмірге аударып жіберіңізші» деп хабарласса, ол айтқандай орындамаңыз. Егер сіз аударып қойсаңыз, тергеу кезінде куәгер ретінде жауап бересіз. Себебі олар алаяқтар болып шықса, сіз арқылы қаражатты өздерінің транзиттік шоттарына аударып алады. Сондықтан бейтаныс адамның ондай өтінішіне келіспеңіздер. Егер қаражатты басқа адам шынымен де шатасып аударса, оның ақшасын аударма жасамай, банк арқылы ресми түрде қайтарған дұрыс», – деді Айдар Қонысбек.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137