RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

станада 200-ден астам «Жасыл ел» сарбазы қала күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 4 Шілде 2026👁 4 қаралым
станада 200-ден астам «Жасыл ел» сарбазы қала күніне орай ерекше флешмоб ұйымдастырды

Елорда күніне орай Астанада ауқымды патриоттық флешмоб өтті. Оған «Жасыл ел» еңбек жасақтарының 200-ден астам жас сарбазы қатысты, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Жасыл ел» жасақтарының сарбаздары жастардың туған қаласына деген сүйіспеншілігін, бірлігі мен ынтымағын білдіретін «Астана» жазуын бейнелеп сап түзеді.

Флешмоб күн сайын елорданы абаттандыруға, қаланы көгалдандыруға және экологиялық бастамаларды жүзеге асыруға үлес қосып жүрген белсенді әрі жанашыр жастардың басын қосты. Бұл акция «Жасыл ел» сарбаздары үшін Астанаға деген мақтаныштарын білдіріп, қала тұрғындарын мерекемен құттықтаудың тағы бір мүмкіндігіне айналды.

Іс-шараны Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасы ұйымдастырды. Мұндай бастамалар жастардың азаматтық белсенділігін арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және туған қаласына деген құрмет сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қала күні – ұрпақтар сабақтастығын дәріптеп, Қазақстан астанасының қарқынды дамуын айқындайтын мереке. 200 жастың күшімен жасалған «Астана» жазуы қала тұрғындары мен қонақтарына арналған ерекше құттықтау ғана емес, сондай-ақ жастардың мерекелік көңіл күйді қалыптастыруға және қоғамдық құндылықтарды дәріптеуге қосып жүрген үлесінің ерекше көрінісі болды.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137