RakursInfo
Біз туралыБайланыс

«Суды үнемде – болашақты сақта!»

✍️ Әбуғали Ордабай📅 26 Ақпан 2026👁 135 қаралым
«Суды үнемде – болашақты сақта!»

Астана қаласы, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының мектеп оқушылары мен колледж студенттері «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбындағы экосағатқа қатысты, деп хабарлайды astana-akshamy.kz

Астана қаласындағы №91 мектеп-гимназиясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Оқу-ағарту министрлігімен бірлесіп, «Адал азамат» мемлекеттік тәрбие бағдарламасы аясында «Суды үнемде – болашақты сақта!» тақырыбында экологиялық сағат өткізді. Іс-шараға Парламент Мәжілісінің депутаты Павел Казанцев пен Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев қатысты.

Спикерлер оқушыларға тұрмыста және экономиканың түрлі салаларында суды тиімді үнемдеудің үздік тәжірибелері, сондай-ақ былтыр қабылданған Су кодексінің маңызы мен енгізілген жаңашылдықтары туралы айтып берді.

Одан кейін пікірталас өтіп, оның барысында қонақтар мектеп оқушыларының Орталық Азиядағы суды ұтымды пайдалану жүйесін дамыту, су шаруашылығын цифрландыру, су нысандарын қорғау, суды үнемдеудің үздік қолжетімді технологиялары және су ресурстары тапшылығының алдын алу мәселелеріне қатысты сұрақтарына жауап берді.

Іс-шараға №91 мектеп-гимназиясының 9-11-сыныптарында оқитын 250 оқушы қатысты. Ал онлайн форматта экосағатқа Астана қаласының, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарының мектеп оқушылары мен колледж студенттері қосылды.

Экосағатта №91 мектеп-гимназиясының оқушылары өздерінің инновациялық жобаларын да таныстырды. Солардың бірі – «Су ізі» жобасы. Бұл жоба шеңберінде Тамшы есімді голографиялық кейіпкер пайдаланушыларды су ресурстарының маңызымен таныстырып, су тұтыну көлемі туралы деректерді көрсетеді. Сонымен қатар пайдаланушылар өздерінің «су ізін» есептеп, жеке ұсыныстар ала алады.

Сондай-ақ Washington Academy-мен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан, судың қасиеттерін зерттеуге және оқушылардың жобалық қызметін дамытуға бағытталған халықаралық зерттеу жобасы таныстырылды.

«Мемлекет басшысы суды ұқыпты пайдалану мәдениетін қалыптастыру балалық шақтан басталуы тиіс екенін бірнеше рет атап өтті. Қазақстан үшін су үнемдеу мәселесі айрықша маңызға ие, өйткені су – тек табиғи байлық қана емес, ұлттық қауіпсіздік пен экономикалық өсудің стратегиялық факторы. Бұл тақырыптың жастармен тікелей талқылануы аса маңызды», – деді Су ресурстары және ирригация вице-министрі Талғат Момышев.

«Суды үнемде – болашақты сақта!» атты пилоттық білім беру жобасы 2025 жылдың басынан бастап Су ресурстары және ирригация министрлігінің «Су ресурстарының ақпараттық-талдау орталығы» КЕАҚ тарапынан халықаралық ұйымдар мен серіктестердің қолдауымен жүзеге асырылып келеді. Бастама Қазақстанда суды тиімді пайдалану мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат: astana-akshamy.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137