RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

«Таза Қазақстан»: Астанада зейнеткерлер арасында скандинавиялық серуеннен жарыс өтті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 29 Сәуір 2026👁 177 қаралым
«Таза Қазақстан»: Астанада зейнеткерлер арасында скандинавиялық серуеннен жарыс өтті

Елордада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында зейнеткерлер арасында скандинавиялық серуеннен жарыс ұйымдастырылды. Бұл игі бастамаға Сарыарқа ауданының Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы мен Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясы ұйытқы болды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Іс-шара Орталық саябақта өтті. Таңғы таза ауада өткен спорттық іс-шараға Сарыарқа ауданынан 60-тан астам егде жастағы тұрғын жиналып, белсенділік танытты. Қатысушылар алдымен бой сергіту жаттығуларын жасап, кейін скандинавиялық серуен бойынша жарысқа кірісті.

Аталған жарыстың басты мақсаты – зейнеткерлер арасында салауатты өмір салтын кеңінен насихаттау, дене белсенділігін арттыру және белсенді ұзақ өмір сүруді қолдау. Іс-шара барысында қатысушылар өздерінің төзімділігі мен ширақтылығын көрсетіп, жарысқа үлкен қызығушылықпен қатысты.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар мен Сарыарқа ауданы бойынша әлеуметтік қызмет көрсету бөлімінің басшысы Кенжеболат Бапишев сөз сөйлеп, қатысушыларды қоршаған ортаны қорғауға шақырды. Сонымен қатар, аға буын өкілдерінің мұндай игі бастамалары жастарға үлгі болатыны атап өтілді.

Жарыс қорытындысы бойынша қатысушыларға Спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының атынан арнайы медальдар табысталды. Бұл тек спорттық дода ғана емес, сонымен қатар қоғамдағы белсенділік пен бірлікті нығайтатын маңызды жиын болды.

Осындай игі бастамалар зейнеткерлердің денсаулығын жақсартумен қатар, олардың қоғам өміріне белсенді араласуына оң ықпал етеді.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137