RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Мәдениет

«Таза Қазақстан»: Астанада жастарға арналған экологиялық куиз өтті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 13 Сәуір 2026👁 164 қаралым
«Таза Қазақстан»: Астанада жастарға арналған экологиялық куиз өтті

Астанада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ерекше форматтағы іс-шара ұйымдастырылды. Global Green Hub компаниясының ecohub алаңында «Таза Қазақстан» акциясы аясында жастарға арналған экологиялық куиз өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Аталған бастама Zero Waste қозғалысы мен Астана қаласының Қоршаған ортаны қорғау департаментінің қолдауымен жүзеге асырылды. Оған колледж және университет студенттері, сондай-ақ Astana Zhastar еріктілері белсенді қатысып, экология саласындағы білімдерін тексерді. Сонымен қатар, нақты тапсырмалар орындап, қоршаған ортаға әсер ететін күнделікті әрекеттерді саралады.

Ойлы ойын барасында жаһандық температураның 1,5°C деңгейінде сақталуы мәселесіне ерекше назар аударылды. Қатысушылар климаттың өзгеруіне қарсы күресте әр адамның рөлі маңызды екенін түсініп, күнделікті өмірдегі шағын әрекеттердің де үлкен өзгеріске әсер ететінін ұғынды.

«Куиздің басты ерекшелігінің бірі – экология, технология және кәсіпкерлікті біріктіретін авторлық экотехнологиялық ойлау әдіснамасының ұсынылуы болды. Бұл тәсіл жастарға тек білім алып қана қоймай, өздерінің экологиялық жобаларын ұсынуға мүмкіндік беред», – дейді Global Green Hub компаниясының басшысы Әсел Сейфуллина.

Ұйымдастырушылар мұндай интерактивті іс-шаралар жастарды қоршаған орта мәселелеріне тартудың ең тиімді құралдарының бірі екенін атап өтті. Олар экологияны тек теория ретінде емес, өмір салты ретінде қабылдауға көмектеседі.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137