RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

«Таза Қазақстан»: елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 7 Сәуір 2026👁 163 қаралым
«Таза Қазақстан»: елордалық кәсіпкерлерге тазалықты сақтау жөнінде чек-парақшалар таратылды

«Таза Қазақстан» ауқымды экологиялық акциясы аясында елордалық кәсіпкерлерге тазалық пен тәртіпті сақтау жөніндегі ұсынымдар жазылған чек-парақтар таратылды, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Астана әкімдігі 2024 жылы кәсіпкерлерге арнап тазалық пен тәртіпті жыл бойы сақтау бойынша ұсынымдары бар чек-парақшалар әзірлеген болатын. Маусымдық ерекшеліктер ескеріліп, олар төрт форматқа бөлінген – көктем, жаз, күз және қыс.

Өз аумақтарын тиісті деңгейде ұстауға арналған маусымдық жоспар Республика даңғылы бойында орналасқан жеке ұйымдарға таратылды.

«Алғаш рет екі жыл бұрын әзірленген арнайы чек-парақшалар әр маусымға бейімделген ұсынымдарды қамтиды және маусымдық ерекшеліктерді ескереді. Бұл акция қаладағы тазалық пен тәртіпті сақтауға 250 мыңнан астам шағын және орта бизнес субъектілерін тартуға бағытталған. Бизнестің бұл жұмысқа белсенді қатысуы елорданың дамуына оң ықпал етеді», – деді Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасының бөлім басшысы Шухрат Жораев.

Қалыптастырылған ұсынымдар қажетті жұмыстар тізімін қамтиды. Мәселен, көктемде шатырларды қардан дер кезінде тазалау, жасыл желектерді бұтау және отырғызу қарастырылған. Жаз мезгілінде ағаштар мен жасыл желектерді күтіп-баптау, суару жүйесінің жұмысын қамтамасыз ету, тұрақты сенбіліктер өткізу көзделген.

Күзде кіреберіс аймақтарға тайғанаққа қарсы жабын орнату, жылыту маусымына дайындық жүргізу қажет. Қыста кіреберістерді мұзға қарсы қоспамен өңдеу және келушілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндеттеледі.

Айта кетейік, бұл ұсынымдардың негізгі мақсаты – қала мен қоршаған ортаға жауапкершілік мәдениетін қалыптастырып, дамыту.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137