RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Цифрлық трансформация: Оқу-ағарту министрі Google for Education басшылығымен кездесті

✍️ Жібек Наурыз📅 19 Наурыз 2026👁 120 қаралым
Цифрлық трансформация: Оқу-ағарту министрі Google for Education басшылығымен кездесті

Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова жұмыс сапарымен Қазақстанға келген Google for Education компаниясының Ұлыбритания, Еуропа және Орталық Азия бойынша директоры Анна Артемьевамен кездесті, деп хабарлайды Elordainfo.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Сонымен қатар басқосуға Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев қатысты. Тараптар білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау, заманауи технологиялық шешімдерді оқу процесіне енгізу және білім беру инновациялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Министр еліміздің орта білім беру саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту жоспарларымен бөлісіп, Google компаниясының бастамаларын талқылады.

«Біз Google компаниясын «Келешек мектептері» жобасы аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Ел аумағында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 217 мектеп салынды. Сол мектептердің 84- і ауылдарда орналасқан. Сонымен қатар бізде шағын жинақты мектептер бар. Ауылдарда барлығы 6 мыңнан астам мектеп орналасқан. Қазір біз үшін стартегиялық басымдықтардың бірі ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою», - деді Жұлдыз Сүлейменова.

Кездесу барысында Google компаниясының өнімдеріне негізделген Google Classroom, Gemini, Notebook LLM және өзге де жасанды интеллектіге негізделген шешімдер таныстырылды. Chromebook ноутбуктерін оқу процесінде қолданудың практикалық сценарийлері көрсетілді. Бұл технологиялар заманауи цифрлық мектептің тиімді құралы бола алады.

Қазіргі таңда Google for Education Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесіп Digital Bala пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Ол жобаның аясында мектептерде оқу процесін автоматтандыруға және мұғалімдер мен оқушылар арасында интерактивті байланыс орнатуға мүмкіндік беретін IT-құралдар енгізілуде.

Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137