RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

Түркістанда бүйрегін сатуға оқталған тұрғын ұсталды

✍️ Жібек Наурыз📅 19 Ақпан 2026👁 109 қаралым
Түркістанда бүйрегін сатуға оқталған тұрғын ұсталды

Түркістан қаласының ауданаралық сотында трансплантациялау не өзгедей пайдалану үшін тірі адаманың ағзаларына қатысты заңсыз мәмілелер жасауға байланысты айыпталған М.-ге қатысты қылмыстық істі аяқтады, деп хабарлайды Elordainfo.kz Түркістан облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сотталушы М. өзінің бүйрегін сату мақсатында 2025 жылдың ақпан айында «Телеграмм» әлеуметтік желісі арқылы жарнамалаған. Нәтижесінде қылмыстық әрекетті имитациялаушы ішкі істер органдарының қызметкері «А» есімді тұлғамен жолығып, 13 млн. теңге қаражатқа ағзасын сататынын келісіп, 5 млн. теңге қаражатын қолма-қол алу барысында ұсталған.

Сотта, сотталушы М. өз кінәсін толық мойындап, бұл әрекетке ауыр материалдық жағдайы мен ақша қаражатына мұқтаждығы себеп болғанын, сол себепті өзінің ағзасын сатуды жоспарлағанын көрсетіп, жасаған ісіне өкінетінін білдірді.

Сот, жасалған әрекет ауырлығы орташа қылмыс санатына жататынын және зиян келтірілмегенін ескере отырып, «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасы Заңын қолданып, 05.02.2026 жылы сотталушы М.-ді қылмыстық жауаптылықтан босатып, іс жүргізуді тоқтатты.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Фото: freepik.com

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137