RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

«Уақыт үнемдейді, кептеліс жоқ»: тұрғындар LRT-нің алғашқы әсерімен бөлісті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 17 Мамыр 2026👁 118 қаралым
«Уақыт үнемдейді, кептеліс жоқ»: тұрғындар LRT-нің алғашқы әсерімен бөлісті

Астана тұрғындары мен қала қонақтары жаңадан іске қосылған Astana LRT вагондарына мініп, алғашқы әсерлерімен бөлісті, деп хабарлайды Elordainfo.kz тілшісі.

Көпшілік жаңа көлік жүйесінің жайлылығы, жылдамдығы және қала қозғалысын жеңілдететінін ерекше атап өтті.

Зейнеткер Мәрияш Шәкербайқызы бұл күнді көптен күткен қуанышқа теңеді.

«Кеше Президент бастаған ел басшылығы жаңа желіні аралап көрсе, бүгін тұрғындар да LRT мүмкіндігін пайдаланып жатыр. Сәті түсіп бүгін біз де аралап келе жатырмыз, өте тамаша ұнады, ел іргесі аман болсын, жұртымыз тыныш болсын.Көптен күткен қуанышымыз ұзағынан сүйіндірсін. Кеше Президент сондай-ақ жаңа әуежай салу туралы айтты, сол қуанышты күнге де жетейік», - деді зейнеткер.

Қала тұрғыны Арнагүл LRT-мен алғаш рет жүргенін айтып, пойыз іші таза әрі заманауи екенін жеткізді.

«Бүгін бірінші рет жүріп тұрмын. Ұнап жатыр, вагондар іші күшті, таза, әдемі. Астананың сұлулығына да тәнті болып отырмыз. Жол уақыты да айтарлықтай қысқарды. Енді елордаға келген қонақтарымызға Астананың көрікті жерлерін ыңғайлы түрде аралатуға мүмкіндік туды», - деді ол.

Талдықорғаннан іссапармен келген Абай есімді ағамыз жаңа көлік жүйесі көңілінен шыққанын айтып, стансалардың көбейгенін қолдайтынын жеткізді.

Ал елорда тұрғыны Константин LRT-ні қаланың дамуының белгісі деп бағалады.

«LRT — керемет жоба. Осы арқылы еліміздің дамып, алға жылжып жатқанын көруге болады. Жол жүру уақыты айтарлықтай қысқарды. Қазір біз театрдан әуежайға бара жатырмыз, бұрынғыға қарағанда әлдеқайда жылдам. Кептелісте тұрған көліктерді көріп отырмыз. Ал LRT — ыңғайлы, жайлы әрі уақытты үнемдейді», - деді ол.

Алғашқы жолаушылардың бірі Шынар да LRT-нің ыңғайлылығына жоғары баға берді.

«Вагон іші салқын, орын жеткілікті әрі жолаушыларға барлық қажетті ақпарат уақытылы хабарланып отырады. Бұрын «Нұрлы жол» вокзалынан әуежайға жету ұзақ уақыт алса, енді кептеліссіз әрі жайлы қатынауға мүмкіндік туды. Жаңа көлік түрі әсіресе балалармен және арбамен жүретін жолаушыларға өте ыңғайлы. Жолсеріктер де біздің барлық сұрағымызға жауап берді. Аялдамалар да қажетті жерлерге қойылған. Қазір туысқандар хабарласып «қонаққа келеміз, қыдыртасыңдар» деп жатыр», - деді Шынар.

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137