RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

«Заң мен тәртіп»: елордалық мектептер мен колледждерде профилактикалық дәрістер өтіп жатыр

✍️ Әбуғали Ордабай📅 9 Қыркүйек 2026👁 0 қаралым
«Заң мен тәртіп»: елордалық мектептер мен колледждерде профилактикалық дәрістер өтіп жатыр

Астана мектептері мен колледждерінде «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 2-16 қыркүйек күндері профилактикалық дәрістер өтіп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Дәрістер елорда прокуратурасының бастамасымен қала әкімдігімен бірлесіп ұйымдастырылуда. Оған 8-11 сынып оқушылары мен колледж студенттерін қоса алғанда, шамамен 100 мың жас қатысады.

Прокуратура, Полиция департаменті, ЭТД, білім беру органдары мен психологтардан құралған ведомствоаралық мобильді топтар құқықтық жауапкершілік, зорлық-зомбылық пен буллингтің алдын алу, жасөспірімдер арасындағы жанжалдарға жол бермеу, есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың және «оңай ақша табу» схемаларына тартудың алдын алу жөнінде түсіндіру жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ интернеттегі қауіпсіздік пен кибербуллингтің алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы жұмыс аясында оқушыларға құқық бұзушылықтар мен оның салдары туралы маңызды мәселелерді көтеретін «Тоғыз тағдыр» атты тақырыптық сериалы да көрсетіледі.

Бөлісу: