RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Саясат

Жаңа Конституция қазақ тілінде әзірленіп, оған 130-ға тарта адам қатысты – депутат

✍️ Кербез Әлішер📅 21 Ақпан 2026👁 129 қаралым
Жаңа Конституция қазақ тілінде әзірленіп, оған 130-ға тарта адам қатысты – депутат

«Жаңа Конституция: сенім мен дамудың жаңа архитектурасы» атты сарапшылар алаңында Парламент Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров пікір білдірді, деп хабарлады Elordainfo.kz ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтына сілтеме жасап.

«Осы жаңа Конституцияны әзірлеудің өзі бүгінгі Қазақстанда өте прогрессивті қадам екенін қарастыруымыз керек. Өйткені 1995 жылғы Конституция бүгінгі таңда моральдық көнерген. Ол Конституция қабылданған кезеңде елімізде терең экономикалық дағдарыс орын алып, нарықтық қатынастарға жаңа ауысқан кезеңде халықтың конституция мәтінін оқу, оны талқылауға мүмкіндігі болмады. Сондықтан Конституцияны 15 ғана адам дайындады. Ал жаңа Конституция қазақ тілінде әзірленіп, оған Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан 130 тарта адам қатысты, олар қатарында заңгерлер, теоретик ғылымдар, практиктер, сондай ақ аймақтардан қоғам белсенділері болды. Тағы бір айта кетерлігі еліміздің барлық аймақтарының тұрғындары жаңа Конституция мәтінімен таныс, және оны толығымен қолдап отыр», - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров.

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137