RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Жаңатастағы дауыл жел: Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды

✍️ Жәнібек Амангелді📅 7 Ақпан 2026👁 120 қаралым
Жаңатастағы дауыл жел: Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сарысу ауданының Жаңатас қаласында қатты жел салдарынан зақымданған нысандарды аралап, жағдайымен танысты, деп хабарлайды Elordainfo.kz Жамбыл облысы әкімдігіне сілтеме жасап.

Қалада екпіні секундына 32 метрге дейін жеткен қатты желдің салдарынан 3 көпқабатты тұрғын үйдің шатыры толықтай, 7 үйдің шатыры жартылай ұшқан. Сонымен қатар 7 кәсіпкерлік нысанның шатыры бүлініп, шамамен 2 шақырым электр желісі үзілген.

«Апат айтып келмейді. Дегенмен табиғаттың тосын мінезіне әрдайым дайын болуымыз қажет. Аудандық деңгейде төтенше жағдай жарияланды. Апат салдарын жоюға қажетті қаржы қарастырылады. Зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі. Жауапты тұлғалар қалпына келтіру жұмыстарына жедел кірісуі тиіс. Жұмыс бүгіннен басталуы керек. Бұл мәселе менің жеке бақылауымда», – деді облыс әкімі.

Коммуналдық желі штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, әлеуметтік нысандарға зақым келмеген.

Фото: Жамбыл облысының әкімдігі

Ақпарат: Elordainfo.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137