RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қоғам

«Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі»: Астанада қалалық әкелер форумы өтті

✍️ Әбуғали Ордабай📅 18 Маусым 2026👁 149 қаралым
«Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі»: Астанада қалалық әкелер форумы өтті

Астана қаласындағы «TANYM» көпфункционалды кешенінде «Жауапты әке – тұрақты қоғамның тірегі» қалалық форумы өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Қоғамдық орталарда әкелер беделін насихаттап, отбасы құндылықтарын дәріптеп, жанұя тірегін сақтауға, ұрпақ тәрбиесін қолға алуға үлес қосып жүрген әртүрлі сала мамандарына, үлгілі жандарға құрмет көрсетіліп «Алғыс хат» табысталды.

Форумның басты мақсаты – қазақ қоғамындағы әкенің абыройын арттырып, беделін көтеріп, жаһандану процесін ескеріп, ұлттық құндылықтарға терең тамыр жіберіп, қоғамдағы береке мен тұрақтылықты сақтауға үлес қосу.

Әртүрлі сала мамандары еркін форум аясында өздерінің өмірден алған, көрген-түйген, парасат-пайымдарын жеткізіп, ойын ортаға салды. Соның ішінде отбасында ер адамның рөлін нығайту, қоғамдағы ер-азаматтардың рухын көтеру сияқты бағыттар қамтылды.

Белгілі тұлғалар, саяси қайраткерлер, қоғам белсенділері, психологтар, қаржыгерлер, ұстаздар және т.б. білікті мамандар өздерінің өмір-тәжірибесімен бөлісті.

Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыұлы отбасы құндылықтарын дәріптейтін игі іс-шаралардың әрқашан керек екендігін мәлімдеді.

«Бүгінгі форум өзінің көздеген мақсатына жетті. Әр спикер құнды дүниелер айтты. Өзім 7 баланың әкесімін. Отбасы құндылықтарына аса зер саламыз. Көп білім ошақтарында әртүрлі тағылымды дүниелер жасалып келеді. Алда әкелер мен аналар форумын бірлесіп өткізуді көздейміз. Әрдайым қоғамда әкелердің қадір-қасиетін жоғары ету өте өзекті, – деді ол.

Астана қаласындағы дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицейі ата-аналар комитетінің төрағасы Айдос Майданбекұлы қалалық әкелер форумы ұдайы жалғасын тауып, өңірлерде де белең алғаны жөн деп санайды.

Ақпарат: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137