RakursInfo
Біз туралыБайланыс
Қала мен сала

Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік: полиция маңызды ережелерді еске салды

✍️ Әбуғали Ордабай📅 25 Маусым 2026👁 2 қаралым
Жазғы демалыс кезіндегі қауіпсіздік: полиция маңызды ережелерді еске салды

Астана қаласының полиция департаменті су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін еске салады, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Астана қаласының полиция департаменті азаматтарды су айдындарында демалу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Суға түсу тек арнайы жабдықталған және осы мақсатқа арналған орындарда ғана рұқсат етіледі. Субұрқақтарда, су арналары мен тыйым салу белгілері қойылған аумақтарда шомылуға қатаң тыйым салынады.

Қалалық субұрқақтар ерекше қауіп көзі болып табылады. Олар шомылуға немесе демалуға арналмаған. Субұрқақ ішінде суға түсу жарақат алуға, электр тогының соғуына және өзге де жазатайым оқиғаларға себеп болуы мүмкін.

Балалардың қауіпсіздігі мәселесіне ерекше көңіл бөлінуі қажет. Ата-аналар мен заңды өкілдер кәмелетке толмағандарды қараусыз қалдырмай, олардың субұрқақтарда және суға түсуге арналмаған басқа да орындарда болуына жол бермеуі тиіс. Балалардың қауіпсіздігі ересектердің жауапкершілігі мен қырағылығына тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамаған ата-аналар мен заңды өкілдер заңда көзделген жауапкершілікке тартылады. Полиция тұрғындарды қауіпсіздік талаптарын сақтауға, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға шақырады.

Ақпарат көзі Polisia.kz

Бөлісу:

Басқа жаңалықтар

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті
Қоғам

«Заң мен тәртіп – жауапты азаматтың өмір салты»: елордада «Жасыл ел» жастарымен кездесу өтті

«Жасыл ел» жобасына қатысып отырған жастар – Қазақстанның тазалығына бейжай қарамайтын, туған жердің көркеюіне өз үлесін қосып жүрген жанашыр азаматтар.

📅 16 Шілде 2026👁 163
Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды
Қоғам

Астана балабақшаларында «Әке, ана, терезені жапшы!» челленджі басталды

Балабақшаларда тәрбиешілер тәрбиеленушілермен қауіпсіздік сабақтарын өткізіп, үйде, аулада және көпқабатты тұрғын үйлерде сақталуы тиіс қарапайым, бірақ өмірлік маңызы бар ережелерді түсіндірді.

📅 16 Шілде 2026👁 118
«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті
Мәдениет

«Қазақстанға ғашық болып қалдық»: шетелдіктер Астанадағы BaiQymyz-2026 фестивалі туралы әсерімен бөлісті

Шетелдік қонақтардың айтуынша, BaiQymyz-2026 фестивалі Қазақстанды ұлттық дәстүрі, музыкасы, спорты және халқының қонақжайлығы арқылы жаңа қырынан тануға мүмкіндік берген.

📅 12 Шілде 2026👁 137